Трамп соғысты жақын апталарда аяқтағысы келе ме?

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен қақтығыстың ұзаққа созылғанын қаламайды және оны жақын апталарда аяқтауды жоспарлап отыр. Wall Street Journal басылымының хабарлауынша, Трамп кеңесшілеріне бұл жанжалдың "соңғы кезеңге өткенін" айтқан.
Ақ үйдің 4-6 апталық нақты мерзімді белгілеп, осы шеңберде әрекет етіп жатқаны айтылды. Тіпті май айының ортасында Қытай басшысы Си Цзиньпинмен кездесуге дейін соғысты аяқтау көзделіп отыр.
Трамптың айтуынша, Иран басшылығы келіссөздерге мүдделі, бірақ ішкі қысым мен қауіп-қатерге байланысты мұны ашық айта алмайды. Ол тіпті Иран элитасының "өз халқынан да, АҚШ-тан да қорқатынын" атап өтті.
Басылым авторлары бұл мәлімдеме бірнеше маңызды аспектіні ашады, соның ішінде: АҚШ соғыстың созылғанын қаламайды - бұл экономикалық қысымға, мұнай бағасына және ішкі саяси рейтингтерге байланысты. Сондай-ақ ресми Теһран келіссөздерді жоққа шығарса да, Вашингтон дипломатиялық бағытты жандандыруға тырысуда.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!