date

Франция Израильге бет алған АҚШ әскери ұшақтары үшін әуе кеңістігін жапты

Франция Израильге бет алған АҚШ әскери ұшақтары үшін әуе кеңістігін жапты

Таяу Шығыста басталған "Эпикалық ашу" атты әскери операция аясында Франция АҚШ әскери ұшақтары үшін әуе кеңістігін жапқаны белгілі болды. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

Оның айтуынша, Франция Израильге бет алған және әскери жүк тиелген ұшақтардың өз аумағы арқылы ұшуына рұқсат бермеген. Бұл шешім АҚШ тарапынан жүргізіліп жатқан операциялар аясында назар аударды.

Трамп өз мәлімдемесінде Францияны сынға алып, олардың бұл үдерісте көмек көрсетпегенін атап өтті. "Франция "Иран жендеттерін" жоюға ешқандай көмек көрсеткен жоқ," - деп жазды ол.

Сондай-ақ, АҚШ бұл жағдайды есте сақтайтынын айтты. Бұл жағдай екі ел арасындағы әскери және саяси қарым-қатынастарға әсер етуі мүмкін деп болжануда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Франция Израильге бет алған АҚШ әскери ұшақтары үшін әуе кеңістігін жапты