Түркия Иранға дәрі-дәрмек пен медициналық көмек жіберді

Түркия Иранға дәрі-дәрмек пен медициналық көмек жіберді

Түркия Иранға гуманитарлық көмек жіберді. Бұл көмек аясында дәрі-дәрмек пен медициналық жабдықтар тиелген медициналық жүк көліктері жолға шығып үлгерді.

Бұл ақпаратты Түркияның денсаулық сақтау министрі Кемаль Мемисоглу әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Министрдің айтуынша, олардың мақсаты - Иранда емделуге мұқтаж тұрғындар үшін барлық мүмкіндікті іске қосу.

Сондай-ақ Мемисоғлу Түркияның көрші елдегі денсаулық сақтау жүйесіне көмектесуге және қолда бар ресурстарды жұмылдыруға дайын екенін атап өтті. Бұл гуманитарлық бастама екі ел арасындағы достық байланыстарды нығайтуға қызмет етеді.

Пікірлер 0

…

Байланысты жаңалықтар