date

Австрияда жалғыз ара ұшақ рейсін тоқтатты

Австрияда жалғыз ара ұшақ рейсін тоқтатты

Австрияда күтпеген және әдеттен тыс жағдайға байланысты ұшақ рейсі орындалмады. Инсбрук әуежайында Венаға ұшуы тиіс болған Austrian Airlines ұшағы бір араның кесірінен рейсті тоқтатуға мәжбүр болды.

Мәліметтерге сәйкес, лайнер ұшуға дайындалып жатқан кезде ұшақ 150 км/сағ жылдамдыққа жеткен. Осы кезде ұшқыштар жылдамдықты өлшейтін датчиктер әртүрлі көрсеткіш беріп жатқанын байқаған.

Ұшақта 107 жолаушы болған және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында рейс дереу тоқтатылып, жолаушылар эвакуацияланды.

Техникалық тексеру нәтижесінде ақаудың себебі анықталды: ауа ағынын өлшейтін маңызды құрылғының ішіне кішкентай ара кіріп кеткен.

Дәл осы құрылғы ұшақтың жылдамдығын анықтауда негізгі рөл атқарады. Араның кіруі нәтижесінде ол жалған ақпарат беріп, ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндірді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Австрияда жалғыз ара ұшақ рейсін тоқтатты