date

Иран халықаралық рейстер үшін әуе кеңістігін қайта ашты

Иран халықаралық рейстер үшін әуе кеңістігін қайта ашты

Иран ұзақ үзілістен кейін әуе кеңістігін ішінара қалпына келтірді.

28 ақпаннан бері алғаш рет ел аспанының бір бөлігі ашылып, кейбір әуежайларда рейстер қалпына келтірілді. Бұл туралы Азаматтық авиация басқармасына сілтеме жасаған Tasnim агенттігі хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, Иранның шығыс әуе кеңістігіндегі бағыттар халықаралық рейстер үшін ашық деп жарияланды. Еске сала кетейік, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әскери операция бастап, бірқатар қалаға әуеден соққы жасаған болатын.

Бұл шабуылдардың салдарынан Иранның жоғарғы басшысы Әли Хаменеи қаза тапқаны хабарланды. Осыдан кейін Иран жауап ретінде Израильге зымырандық шабуыл жасап, Парсы шығанағындағы АҚШ базаларына соққы берді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Иран халықаралық рейстер үшін әуе кеңістігін қайта ашты