date

Ормуз бұғазы қайта жабылды: аймақта шиеленіс күшейді

Ормуз бұғазы қайта жабылды: аймақта шиеленіс күшейді

Иран тарапы Ормуз бұғазының қайта жабылғанын ресми түрде жариялады. Бұл туралы IRNA ақпарат агенттігі хабарлады.

«Хатам әл-Анбия» орталық қолбасшылығының өкілі мәлімдегендей, АҚШ тарапынан теңіз жолдарындағы қысым мен қоршау әрекеттері жалғасып жатқандықтан, Ормуз бұғазы қайтадан жабылу режиміне өткізілді.

Ресми мәлімдемеде атап өтілгендей, Иран Ислам Республикасы бұған дейін қол жеткізілген келісімдерге сәйкес, мұнай мен сауда кемелерінің шектеулі көлемде өтуіне рұқсат берген болатын.

Алайда, қолбасшылық өкілі АҚШ-тың өз уәделерін бұзып, теңіз жолдарында қысым мен бақылауды күшейтуді жалғастырып жатқанын атап өтті. Осыған байланысты Иран тарапы Ормуз бұғазында бұрынғы қатаң режимді қайта орнатуға мәжбүр болған.

«Енді бұл стратегиялық су жолы Иран қарулы күштерінің толық бақылауында болады», — делінген мәлімдемеде.

Сонымен қатар, өкіл АҚШ Ираннан шығатын және оған кіретін барлық кемелер үшін еркін қозғалысты толық қамтамасыз етпеінше, бұғаздағы жағдай қатаң бақылауда қала беретінін қосты.

17 сәуір күні Иран сыртқы істер министрі Аббас Арақчи Ормуз бұғазының коммерциялық кемелер үшін белгілі бір мерзімге ашылғанын хабарлаған еді. Бұл шешім Израиль мен «Хезболла» арасындағы оқ атуды тоқтату келісімі аясында қабылданғаны айтылды.

Бірақ АҚШ президенті Дональд Трамп Тегеранның бұл мәлімдемесіне қарамастан, Иранның әскери-теңіз блокадасы өз күшінде қалатынын мәлімдеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Ормуз бұғазы қайта жабылды: аймақта шиеленіс күшейді