Америкалық рэпердің көлігінен шіріген қыздың мәйіті табылды

D4vd лақап атымен танымал америкалық рэпер Дэвид Энтони Берк 14 жастағы қыздың өліміне қатысы бар деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы “Al Jazeera” хабарлады.
14 жастағы Селасте Ривастың мәйіті құқық қорғау органдары тарапынан оның атына тіркелген автокөліктің ішінен табылды.
Хабарларға сәйкес, Берктың тұтқындалуы полиция Ривастың шіріген мәйітін оның атына тіркелген Tesla көлігінің жүксалғышынан тапқаннан жеті ай өткен соң жүзеге асқан.
Тергеу мәліметтері бойынша, көлік ішінде екі қара сөмке табылған. Бірінде шіріген бас пен дене бөлігі, екіншісінде қалған дене бөліктері болған. Лос-Анджелес округінің прокуратурасы дүйсенбі күні Дэвид Энтони Беркке қатысты ресми айыптарды қарауы күтілуде. Рэпердің қорғаушылары оның кінәсіз екенін табанды түрде қорғайтындарын мәлімдеді.
Анықтама үшін: 21 жастағы рэпер Нью-Йорк штатының Куинс ауданынан шыққан. 2022 жылы оның “Romantic Homicide” әні TikTok-та танымал болып, интернетте кеңінен танылды. Селасте Ривас 2024 жылы 13 жасында жоғалып кеткен. Кейінірек Лос-Анджелес полициясы рэпердің көлігінен табылған мәйіттің дәл осы жоғалған калифорниялық жасөспірімге тиесілі екенін растады.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!