date

Трампқа жасалған шабуыл Иранмен байланысты ма?

Трампқа жасалған шабуыл Иранмен байланысты ма?

Дональд Трамп Ақ үй тілшілері қауымдастығының кешкі іс-шарасында болған атыс оқиғасы Иранмен байланысты болуы мүмкін деген болжамдарға күмән келтірді. Бұл туралы Трамп Вашингтонда болған осы оқиғадан кейін Ақ үйде өткен брифинг барысында мәлімдеді.

Ол баспасөз мәслихаты кезінде «бұл оқиға мен Иран төңірегіндегі жағдайдың арасында байланыс бар деп есептемеймін» деп атап өтті. Сонымен бірге, Президент бұл оқиғаның оның саяси көзқарастарына әсер етпейтінін айтып, «бұл мені тоқтатпайды және Иранға қатысты жеңіске жету жолыма кедергі болмайды» деді.

Трамптың бағалауынша, шабуылды жасаған адам, үлкен ықтималдықпен, жалғыз әрекет еткен.

АҚШ бұқаралық ақпарат құралдары болса, тергеуге жақын дереккөздерге сілтеме жасап, күдіктінің 31 жастағы Коль Томас Аллен екенін хабарлап отыр. Ол Калифорния штатында тұрған, қазіргі уақытта қамауға алынған және жауап алынып жатыр.

Оған қатысты ресми айып тағылуы күтілуде.

Шабуылды жасаған адам қамауға алынды, оқиға кезінде АҚШ Құпия қызметі қызметкерлерінің бірі жарақат алды. Президенттің сөзінше, оның өмірін бронжилет сақтап қалған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Трампқа жасалған шабуыл Иранмен байланысты ма?