date

Сталин отырған әйгілі Зиндон қамалында жөндеу жұмыстары басталды

Сталин отырған әйгілі Зиндон қамалында жөндеу жұмыстары басталды

Әзербайжанның Ленкоран қаласында орналасқан тарихи маңызы бар сәулет нысаны — КСРО-ны 30 жылға жуық басқарған Иосиф Сталин қамауда болған Зиндон қамалын қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Бұл туралы «Oxu.az» басылымы хабарлады.

Мәлім етілгендей, реконструкция жұмыстары Әзербайжан Мәдениет министрлігінің тапсырысымен, мәдени мұраны қорғау қызметінің бақылауымен жүзеге асырылуда.

Жөндеу жұмыстарына бірнеше жыл бұрын ғимарат шатырының құлауы және соның салдарынан қамалдың жарамсыз күйге түсуі себеп болған.

Бұл қамалдың биіктігі 20 метрді, ал диаметрі 72 метрді құрайды. Ол әртүрлі кезеңдерде түрлі мақсаттарда қолданылған.

Атап айтқанда, 1869–1959 жылдар аралығында түрме ретінде қызмет етіп, «Зиндон қамалы» деген атпен танымал болған.

Тарихи деректерге сүйенсек, XX ғасырдың басында бұл жерде Иосиф Сталин де отырған. Ол 1903–1904 жылдары үкімет қаражатын тасымалдап бара жатқан пойызға шабуыл жасау ісі бойынша тұтқындалып, кейіннен серіктестерінің көмегімен қашып кеткен.

Түрме негізінен 140 адамға арналғанымен, іс жүзінде мұнда 310 тұтқынға дейін ұсталғаны айтылады. Олар қамалға жерасты жолы арқылы жеткізілген, бірақ уақыт өте келе жерасты суларының әсерінен бұл жол жарамсыз болып қалған.

Сондай-ақ, ғимарат 1970–1990 жылдар аралығында тігін фабрикасы ретінде де пайдаланылған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Сталин отырған әйгілі Зиндон қамалында жөндеу жұмыстары басталды