Еуропада аптап ыстық салдарынан өлім-жітім көрсеткіші артып жатыр

Еуропада соңғы жылдары байқалып отырған қатты аптап ыстық толқындары адам өлімі санының артуына себеп болуда.
The Lancet журналында жарияланған зерттеуге сәйкес, көптеген аймақтарда бұл көрсеткіш 1990 жылдармен салыстырғанда әлдеқайда жоғары деңгейге жеткен.
Зерттеу нәтижелері бойынша, Еуропа аумақтарының 99,6 пайызында 2015–2024 жылдардағы ыстық кезеңдеріндегі өлім-жітім саны 1991–2000 жылдармен салыстырғанда өскен.
Орташа есеппен әрбір миллион тұрғынға жылына 52 қосымша өлім жағдайы тіркелген.
Кейбір мемлекеттерде, соның ішінде Испания, Италия, Грекия және Болгарияның кейбір аймақтарында бұл көрсеткіш миллион тұрғынға 120-дан асқан.
Мамандардың атап өтуінше, аптап ыстық туралы ескертулер саны да айтарлықтай көбейген.
Атап айтқанда, 1990 жылдармен салыстырғанда бұл көрсеткіш орташа есеппен 318 пайызға артса, Германияда 450 пайызға дейін өсім тіркелген.
Ғалымдар бұл өзгерістерді жаһандық климаттың өзгеруімен байланыстырып, оның адам денсаулығына елеулі әсер етіп жатқанын алға тартуда.
Сонымен қатар, көктемнің ерте келуі аллергия маусымдарын тездетіп, халық денсаулығына қосымша салмақ салуда.
Зерттеулерде Еуропа аймақтарында тропикалық аурулардың таралу қаупі де артып келе жатқаны атап өтілген.
Атап айтқанда, масалар арқылы жұғатын инфекциялардың, соның ішінде денге вирусының таралу ықтималдығы шамамен 300 пайызға артқаны айтылуда.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!