date

Иран 2000 км ұшатын жаңа «Араш 3» дронын таныстырды

Иран 2000 км ұшатын жаңа «Араш 3» дронын таныстырды

Иранның астанасы Тегеранда жаңа камикадзе-дрон — «Арash 3» ресми түрде таныстырылды. Аталған дронның ұшу қашықтығы 2000 километрге жететіні хабарланды. Бұл оның теориялық тұрғыдан алыс аймақтарға жетіп барып алатынын көрсетеді. Дрон «Иранға адалдық» ұранымен өткізілген митингте жұртшылыққа таныстырылды.

Оның аты парсы мифологиясындағы аңызды мерген Арашпен байланысты. Техникалық мәліметтерге сәйкес, дронның жылдамдығы шамамен сағатына 600 километрді құрайды. Сонымен қатар ол шамамен 150 килограмм салмақтағы жауынгерлік бөліммен жабдықталған. Дрон жерсерік навигациясы мен ішкі басқару жүйесі арқылы қозғалатыны атап өтілуде. Бұл GPS сигналы болмаған жағдайда да нысанаға жетіп баруға мүмкіндік береді. Таныстыру аймақтағы геосаяси шиеленіс күшейген кезеңге тура келгені баса айтылуда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Иран 2000 км ұшатын жаңа «Араш 3» дронын таныстырды