date

Ресейде «Telegram» аудиториясы күрт қысқарып барады

Ресейде «Телеграм» аудиториясы күрт қысқарып барады

Ресейде Telegram мессенджері төңірегіндегі жағдай одан сайын күрделене түсуде. Бұқаралық ақпарат құралдары таратқан мәліметтерге сәйкес, соңғы екі ай ішінде платформадан кеткен ресейлік пайдаланушылар саны 40 миллионға жетті.

Бұл туралы «Mash» телеграм-арнасы хабарлады. Дереккөзге сәйкес, мессенджер бұғатталғаннан кейін Telegram-ды пайдалану деңгейі күрт төмендеді.

Авторлар мамыр айының басында мессенджердің тұрақты жұмысы айтарлықтай нашарлағанын атап өтті. Егер бұрын қызметтің жұмыс істеу көрсеткіші 98 пайыз шамасында болса, кейін бұл сан 13 пайызға дейін түсіп кетті.

Сонымен қатар, тіпті VPN қызметтері арқылы да мессенджерді пайдалану қиындағаны айтылуда. Себеп ретінде бұғаттауларды айналып өтуге көмектесетін шлюздер мен серверлерге қарсы шектеулердің күшейтілгені көрсетілуде.

Талдаушылардың мәліметінше, Telegram үшін ең ауыр күндердің бірі 2026 жылғы 20 наурыз болды. Сол кезде VPN қызметінсіз мессенджерге кіре алған пайдаланушылар саны төрт есеге қысқарғаны тіркелді.

Сәуір айының ортасына қарай тегін VPN қызметтері арқылы Telegram-ды пайдалану іс жүзінде тоқтады.

Ақпараттық технологиялар саласының маманы Константин Сестричкин «Gazeta.Ru» басылымына берген түсініктемесінде, мессенджердің Ресейдегі күшті бұғаттауларды айналып өту үшін жеткілікті техникалық ресурс пен мүмкіндіктерге ие емес екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Ресейде Telegram-ға қарсы шектеулер мессенджер әкімшілігінің жергілікті заңнама талаптарын орындамауымен түсіндірілген болатын. Атап айтқанда, жеке деректер қауіпсіздігі және мемлекеттік органдардың талаптарын сақтау мәселелері негізгі дау тақырыбына айналған еді.

Сарапшылардың пікірінше, егер шектеулер осылай жалғаса берсе, Ресейдегі цифрлық коммуникация нарығында елеулі өзгерістер орын алуы мүмкін. Өйткені Telegram тек қарапайым қарым-қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар бизнес, ақпарат және медиа платформасы ретінде де кеңінен қолданылып келген еді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Ресейде «Telegram» аудиториясы күрт қысқарып барады