date

Әлемде шарап тұтыну күрт төмендеді

Әлемде шарап тұтыну күрт төмендеді
Фото: Халықаралық жүзім шаруашылығы және шарап жасау ұйымы

Әлем бойынша шарап тұтыну соңғы онжылдықтардағы ең төменгі деңгейге түсіп, 1957 жылдан бері болмаған рекордтық құлдырау тіркелді. Бұл туралы Халықаралық жүзім шаруашылығы және шарап жасау ұйымының (OIV) есебінде айтылған.

Талдауларға сәйкес, 2025 жылы жаһандық деңгейде барлығы 208 миллион гектолитр шарап тұтынылған. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 2,7 пайызға, ал 2018 жылмен салыстырғанда 14 пайызға төмен екенін білдіреді. Сарапшылар бұл құлдырауды негізінен тұтынушылардың өмір салтының өзгеруімен және әлемдік экономикадағы белгісіздікпен түсіндіреді.

Ең ірі шарап нарықтарында да айтарлықтай төмендеу байқалды. Атап айтқанда, АҚШ пен Германияда тұтыну бір жыл ішінде 4,3 пайызға, Францияда 3,2 пайызға, Италияда 9,4 пайызға төмендеді. Ең үлкен құлдырау Қытайда байқалып, онда шарап тұтыну 13 пайызға қысқарды.

Сонымен қатар, кейбір елдерде өсім де тіркелді. Португалия, Бразилия және Жапония сияқты елдерде шарап тұтыну сәл артқанымен, бұл жаһандық трендті өзгерте алмады.

Сарапшылар жүзімдіктер алаңының да дәйекті түрде қысқарып келе жатқанын және экспорт көлемі соңғы 15 жылдағы ең төменгі деңгейде қалып отырғанын атап өтті. Соңғы 25 жыл ішінде әлем бойынша жүзімдіктердің шамамен 10 пайызы жойылып кеткені сала үшін маңызды дабыл ретінде бағалануда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Әлемде шарап тұтыну күрт төмендеді