Ғасыр ұрлығы: тотықұстар пиццаны ұрлап кетті

Австралияда орын алған ерекше жағдай әлеуметтік желілерде үлкен шу тудырды. Курьер жеткізген пицца күтпеген жерден «ұрлықтың» құрбаны болды — оны тотықұстар алып кетті.
Куәгерлердің айтуынша, аш құстар өте ептілікпен қимылдап, пиццаны іліп әкеткен. Бұл процесті көргендер оқиғаны күлкілі әрі ерекше деп бағалауда.
Әлеуметтік желі қолданушылары бұл жағдайды әзілмен «жылдың ең сүйкімді ұрлығы» деп атады. Ал кейбіреулер тапсырыс берушіге келесі жолы тек курьерге ғана емес, «қонақ» болып келген құстарға да шәйпұл қалдыруға кеңес берді.
Бұл оқиға интернетте тез тарап, көпшіліктің көңіл-күйін көтерді. Құстардың мұндай «рейдтері» сирек кездессе де, бұл жолғы жағдай өзінің күлкілілігімен ұзақ уақыт есте қалары анық.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз