date

Сингапурда буллинг жасаған оқушыларға қатаң жаза енгізілді

Сингапурда буллинг жасаған оқушыларға қатаң жаза енгізілді

Сингапур мектептерінде тәртіпті нығайтуға бағытталған жаңа ережелер күшіне енді. Енді оқушылар арасында қорлау, зорлық-зомбылық немесе буллинг жағдайларына жол берген ер балаларға қатысты қатаң шаралар, соның ішінде таяқпен жазалау да қолданылуы мүмкін.

Бұл жаза тек соңғы шара ретінде, яғни басқа тәрбиелік әдістер нәтиже бермеген жағдайда ғана қолданылатыны хабарланды. Жаңа тәртіп бойынша оқушы үш ретке дейін таяқпен ұрылуы мүмкін. Процесс қатаң бақылаумен жүзеге асырылады.

Жазаны қолдану үшін мектеп директорының келісімі талап етіледі. Оны тек арнайы өкілеттігі бар мұғалімдер орындайды. Сонымен қатар оқушының жасы, қателігінің ауырлығы және өз кінәсін түсінген-түсінбегені ескеріледі. Жазадан кейін оқушыға психологиялық көмек көрсетіліп, оның жағдайы бақылауда болады.

Бұл шаралар тек 9 жастан асқан ер балаларға қатысты қолданылатыны атап өтілді. Қыз балалар үшін басқа тәртіптік жазалар — сабақтан кейін алып қалу, уақытша шеттету немесе бағасын төмендету сияқты әдістер қолданылады.

Халықаралық ұйымдар, соның ішінде ЮНИСЕФ мұндай дене жазаларына қарсы екенін білдіріп келеді. Олардың пікірінше, мұндай әдістер балалардың рухани және физикалық жағдайына кері әсер етуі мүмкін.

Ақпарат ретінде: Сингапурда таяқпен жазалау тәжірибесі тарихи қалыптасқан және қазіргі уақытқа дейін кейбір қылмыстар үшін қолданылып келеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Сингапурда буллинг жасаған оқушыларға қатаң жаза енгізілді