Обама неге өзгеғаламшарлықтар сыры жасырын қалмайтынын айтты?

АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама өзгеғаламшарлықтар туралы пікірімен тағы да назар орталығына түсті.
Оның айтуынша, егер үкіметте шынымен де өзгеғаламшарлықтарға қатысты құпия дәлелдер болса, бұл ақпарат әлдеқашан жұртшылыққа тарап кетер еді.
Обама Вашингтонда құпия ақпаратты толықтай жасырып қалу жүйесі онша мықты емес екенін атап өтті.
Ол бұл туралы қалжың аралас пікір білдіріп: «Ант етемін, күзетшілердің бірі әлдеқашан өзгеғаламшарлықпен селфи жасап, оны біреуге жіберіп қояр еді», - деді.
Бұрынғы президент жыл басындағы подкасттардың бірінде де осы тақырыпта пікір білдірген болатын.
Ол өзгеғаламшарлықтардың болуы мүмкін екенін жоққа шығармады, бірақ олардың Жерге келгеніне сенбейтінін айтты.
Сондай-ақ, Обама әйгілі «51-аймақ» туралы қауесеттерге де қатысты пікір білдірді.




















Пікірлер 0
…