АҚШ Ираннан уран байытуды 20 жылға тоқтатуды талап етуде

АҚШ Ираннан уранды байыту процесін 20 жыл мерзімге тоқтатуды талап етуде.
Бұл туралы The Wall Street Journal басылымы өз дереккөздеріне сілтеме жасай отырып хабарлады.
Мәлім етілгендей, Вашингтон Тегераннан қолда бар байытылған ядролық материалдар қорын шығарып тастауды сұрауда. Сондай-ақ, АҚШ әкімшілігі Исфахан, Натанз және Фордодағы ядролық нысандарды бөлшектеуді талап етті.
Сонымен қатар, Иранның ядролық бағдарламасы аясында жер асты жұмыстарына шектеу енгізу ұсынылуда. Мәліметтерге қарағанда, халықаралық тексеру механизмдерін кеңейту мәселесі де талқыланып жатыр.
Бұған дейін CNN АҚШ пен Иран уранды байыту бойынша он жылдан астам мерзімге мораторийді талқылап жатқанын хабарлаған болатын. Axios дерегінше, екі ел қарулы қақтығысты тоқтату жөніндегі меморандум келісіміне жақындады.
Хабарламаларда АҚШ-тың Ираннан 48 сағат ішінде жауап күтіп отырғаны айтылған. Иран Сыртқы істер министрлігі болса, ұсыныстар әлі қарастырылып жатқанын білдірді.




















Пікірлер 0
…