date

Ананың салғырттығы үш жасар баланың өліміне себеп болды

Ананың салғырттығы үш жасар баланың өліміне себеп болды
Фото: Бейнекадр

Ана баласын көлікте 12 сағатқа ұмытып кетті. Салдарынан 3 жасар бала қайтыс болды.

Оқиға Мексиканың Мехикали қаласында болған. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, бала анасымен түнде үйге оралғаннан кейін көлікте қалып қойған. Ол балалар орындығында қауіпсіздік белдігімен байлаулы күйде 12 сағаттан астам уақыт жабық көлікте болған.

Келесі күні сағат 13:30 шамасында бір әйел көлік ішіндегі баланы байқап, көмек шақырған. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер баланың тіршілік белгілері жоқ екенін анықтады. Дәрігерлер баланың денесінде күйік іздерін тіркеді. Өлімнің негізгі себебі ретінде ыстық өту көрсетілген. Оқиға күні ауа температурасы 33 градустан асқан.

Мамандар жабық көлік ішіндегі температура қысқа уақыт ішінде өмірге қауіпті деңгейге жететінін атап өтуде. Оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары басталды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Ананың салғырттығы үш жасар баланың өліміне себеп болды