Қазақстанда ұл балаларға қандай есімдер жиі қойылуда?

Қазақстанда Мұхаммед есімі ең танымал ерлер есіміне айналды. Бұл туралы Бірінші несие бюросы таратқан жаңа статистикалық мәліметтерде айтылған.
Мәлім етілгендей, 2025 жыл ішінде елімізде 172,5 мың ұл бала дүниеге келген. Ең көп таңдалған есімдер қатарына Мұхаммед, Әлихан, Айсұлтан, Омар және Алдияр кірді.
Сондай-ақ статистикада неке құру жасы бойынша да мәліметтер келтірілген. Оған сәйкес, Қазақстанда ерлер орта есеппен 27,9 жаста, ал әйелдер 25,3 жаста неке құруда.
2026 жылдың басына қарай елімізде 10 миллион ер адам тұратыны белгілі болды. Бұл әйелдерге қарағанда шамамен 450 мыңға аз. Мамандар атап өткендей, соңғы жылдары ерлердің үлесі біртіндеп артып, халықтың шамамен 49 пайызына жетті.
Статистикада еңбек нарығына қатысты мәліметтер де келтірілген. Ерлердің қауіпті және ауыр еңбекті талап ететін салаларда көбірек жұмыс істейтіні атап өтілді. Атап айтқанда, 83 мыңнан астам ер адам ауыр физикалық еңбекпен айналысады.




















Пікірлер 0
…