date

Ресейде көшеде намаз оқыған өзбекстандық депортациялануда

Ресейде көшеде намаз оқыған өзбекстандық депортациялануда

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында көшеде намаз оқыған Өзбекстан азаматы миссионерлік қызметпен айналысты деген айыппен елден шығарылатын болды. Бұл туралы Санкт-Петербург соттарының баспасөз қызметінің басшысы Дарья Лебедева мәлімдеді.

Мәліметтерге сәйкес, оқиға 12 мамыр күні Савушкин көшесінде болған. Полиция қызметкерлері Дадабоев есімді Өзбекстан азаматын қоғамдық орында намаз оқып жатқан жерінен анықтаған. Осыдан кейін оған «миссионерлік қызметпен айналысты» деген айып тағылды.

Сот өкілінің хабарлауынша, айыпталушы тиісті рұқсат пен өкілеттіксіз имам ретінде діни рәсім өткізді деп бағаланған. Сондай-ақ, оның жергілікті билік органдарымен келіспей, қоғамдық орында намаз оқығаны атап өтілді.

Өзбекстан азаматы шетелдік ретінде Ресейдің Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 5.26-бабының 5-бөлігі негізінде жауапқа тартылды. Сот процесі барысында ол кінәсін мойындап, көшеде намаз оқуға болмайтынынан хабарсыз болғанын айтқан.

Сот шешіміне сәйкес, оған 30 мың рубль көлемінде айыппұл салынып, Ресей аумағынан мәжбүрлі түрде шығарып жіберу шарасы белгіленді.

Айта кетейік, мұндай жағдай алғаш рет тіркеліп отырған жоқ. Ағымдағы жылдың ақпан айында да Ресейде жатақхана есігін ашық қалдырып намаз оқыған тағы бір Өзбекстан азаматы «миссионерлік» жасады деп айыпталып, айыппұл мен депортация жазасына ұшыраған болатын.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Ресейде көшеде намаз оқыған өзбекстандық депортациялануда