Әлемдегі ең әдемі сөз жарияланды

Халықаралық қазылар алқасы әлемдегі ең әдемі сөзді анықтады. Жеңімпаз ретінде Жаңа Зеландияның байырғы халқы — маорилер тіліндегі «kaitiakitanga» сөзі таңдалды.
Сарапшылардың айтуынша, бұл сөз табиғатты қорғау, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау және оны келер ұрпақ үшін аялап сақтау идеясын білдіреді. Жеңімпазды таңдауда сөздің тек әуезділігі ғана емес, оның терең мағынасы, мәдени маңызы және бүгінгі әлем үшін өзектілігі де негізгі өлшемдердің бірі болды.
Байқауға әлемнің 75-тен астам тілінен 223 сөз қатысты. Финалға португал тіліндегі «saudade», жапон тіліндегі «ikigai», уэльс тіліндегі «hiraeth», зулу тіліндегі «ubuntu» және идиш тіліндегі «luftmensch» сияқты танымал әрі өзіндік мағынасы бар сөздер де жетті.
Байқауды ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба түрлі халықтар тілдерінде кездесетін, басқа тілдерге толық әрі дәл аударылмайтын бірегей сөздерді қалың көпшілікке таныстыруды, олардың мағынасы мен мәдени құндылығын насихаттауды мақсат еткен.



















Пікірлер 0
…