Токенизация: ETF үлгісіндегі нарық құрылымындағы төңкеріс

1990 жылдары биржалық инвестициялық қорлар (ETF) жаңа идея ретінде пайда болған кезде, көпшілік оларды дәстүрлі активтердің жаңа түрі деп қабылдады. Алайда, іс жүзінде ETF нарық құрылымында төңкеріс жасады. Активтерді жасау және қайта сатып алу механизмдері мен арбитражға негізделген өтімділік арқылы олар инвесторлардың активтерге қол жеткізу тәсілдерін түбегейлі өзгертті. Бүгінде токенизация процесі дәл осы жолды қайталап отыр. Бұл туралы Coindesk.com хабар лайды.
Токенделген актив жай ғана бір рет шығарылатын акция немесе облигация емес. Ол ETF сияқты сұранысқа қарай «минт» (шығарылу) немесе «бөрн» (жою) жасалуы мүмкін. Егер токен бағасы базалық актив құнынан асып кетсе, арбитражшылар жаңа токендер шығарып, ұсынысты арттырады және бағаны теңестіреді. Егер баға түссе, олар токендерді қайта сатып алып, ұсынысты азайтады. Бұл экономикалық принцип ETF-термен бірдей, токен тек активтердің өтімді қабығы қызметін атқарады.
Блокчейн технологиясы мөлдірлікті жаңа деңгейге шығарады. Токенизация эмиссияны, аударымдарды және жалпы ұсынысты нақты уақыт режимінде бақылау мүмкіндігін береді. Ең маңызды ерекшеліктерінің бірі – негізгі нарықтар жабық болған кезде де үздіксіз сауда жасау мүмкіндігі. Мысалы, Apple акцияларының токенизацияланған нұсқасын сенбі күні де саудалауға болады. Мұнда баға дүйсенбі күнгі күтімдер, фьючерстер және макроэкономикалық жаңалықтар негізінде қалыптасады.
АҚШ биржаларында тіркелген, Еуропа немесе Азия акцияларын қамтитын ETF-тер бұл модельдің тиімділігін дәлелдеді. Жергілікті нарықтар жабық болса да, ETF бағасы жаңа ақпаратты көрсетеді. Токенизация бұл мүмкіндікті одан әрі кеңейтіп, глобалды инвесторларға уақыт белдеуіне қарамастан тәуекелдерді басқаруға және активтерді тиімді айырбастауға мүмкіндік береді.
















Пікірлер 0
…