OKX Оңтүстік Корея нарығына шығу үшін Coinone акцияларын сатып алмақ

Жаһандық криптобиржа OKX оңтүстіккореялық Coinone платформасынан ірі үлес сатып алу бойынша келіссөздер жүргізуде. Yonhap ақпарат агенттігінің хабарлауынша, OKX және Korea Investment & Securities компаниялары жаңа эмиссия есебінен Coinone акцияларының 20 пайызын иеленуді жоспарлап отыр. Осы мәміле арқылы OKX Азиядағы ең ірі крипто нарықтарының біріне кіру мүмкіндігіне ие болады. Бұл туралы Cointelegraph.com хабарлайды .
Оңтүстік Корея реттеушілері жергілікті биржаларға қатысты бақылауды күшейтуде. Атап айтқанда, Coinone жақында ақшаны жылыстатуға қарсы күрес (AML) ережелерін бұзғаны үшін 3,5 миллион USD көлемінде айыппұл төледі және оның қызметі ішінара тоқтатылды. Соған қарамастан, Coinone Upbit, Bithumb, Korbit және Gopax-пен қатар елдегі ең маңызды бес крипто платформаның бірі болып қала береді.
Бұған дейін Coinbase де Coinone акцияларын сатып алу мүмкіндігін қарастырғаны туралы хабарланған болатын, алайда түпкілікті келісімге қол жеткізілмеді. Қазіргі таңда жергілікті қаржы топтары да крипто активтер нарығына белсенді түрде кіріп жатыр. Мысалы, Mirae Asset Consulting Korbit биржасының бақылау пакетін сатып алса, Hana Financial Group Upbit операторы болып табылатын Dunamu Inc. компаниясына инвестиция салатынын жариялады.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!