date

Джош Хартнетт сериал түсірілімі кезінде жол апатына ұшырады

Джош Хартнетт сериал түсірілімі кезінде жол апатына ұшырады

«Pearl Harbor» фильмі арқылы танымал болған актер Джош Хартнетт Канадада Netflix сериалы түсірілімі кезінде қолайсыз жағдайға тап болды. CBC дерегінше, Сент-Джон қаласында актер жолаушы болып отырған көлік жергілікті полиция патрульдік машинасымен соқтығысқан.

Оқиға Хартнетт түсірілім алаңынан үйіне қайтып келе жатқанда орын алған. Ол және жүргізуші сақтық шарасы ретінде ауруханаға жеткізілген, бірақ полиция мәліметінше, екеуі де ауыр жарақат алмаған. Патруль көлігінде болған полицей де ауруханаға апарылды.

Актердің өкілі Джош медициналық тексерістен соң үйіне оралып, жұмысын жалғастырғанын айтты. Сондықтан сериал өндірісіне бұл жағдай әсер етпеген.

Айта кетейік: Хартнетт Ньюфаундлендте түсіріліп жатқан, аты әлі жарияланбаған алты бөлімнен тұратын сериалға басты рөлде түсіп қана қоймай, атқарушы продюсер ретінде де жұмыс істеп жатыр. Сюжетте жұмбақ теңіз мақұлығы шағын жағалау қалашығын қорқыта бастағаннан кейін, қайсар балықшының (Хартнетт) отбасын, қауымын және жоғалып бара жатқан өмір салтын қорғау күресі бейнеленеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Мәдениет » Джош Хартнетт сериал түсірілімі кезінде жол апатына ұшырады

Ең көп оқылғандар Мәдениет жаңалықтары