date

Италия киносының аты аңызға айналған актері Ремо Жироне қайтыс болды

Италия киносының аты аңызға айналған актері Ремо Жироне қайтыс болды

Италияның танымал актері Ремо Жироне 77 жасында Монакода қайтыс болды, деп хабарлайды ANSA агенттігі.

Танымал әртіс шығармашылық қызметі барысында 50-ден астам фильм мен сериалдарға түскен. Бірақ оны бүкіл әлемге танытқан образ - "Спрут" сериалындағы Тано Каридди рөлі болды. Бұл кейіпкер сериалдың үшінші маусымында комиссар Каттанимен (Микеле Плачидо) және судья Сильвия Контимен (Патрисия Милларде) драмалық тартысқа түскен.

Жироне Италияда ғана емес, Голливуд киноларында да белсенді болған. Ол Джеймс Менгольд және Антуан Фукуа сияқты танымал режиссерлермен жұмыс істеді.

Соңғы сұхбаттарының бірінде ол өзінің алғашқы рөлі - "Қылмыс пен жазадағы" Раскольников бейнесін еске алып, дәл осы кейіпкердің ішкі сезімдерін кейіннен Тано Каридди бейнесінде де көрсеткенін атап өтті.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Мәдениет » Италия киносының аты аңызға айналған актері Ремо Жироне қайтыс болды