date

Пикассоның шығармасы Испанияда жұмбақ түрде жоғалып кетті

Пикассоның шығармасы Испанияда жұмбақ түрде жоғалып кетті

Мадридтен Гранадаға апара жатқан Пабло Пикассоның 1921 жылы жазылған "Гитарамен натюрморт" атты туындысы жоғалып кетті. Бұл туралы Euronews хабарлады.

Деректерге қарағанда, гуашь стилінде салынған бұл туынды CajaGranada қорында құрылған "Натюрморт. La eternidad de lo inerte" көрмесінде көрсетілуі керек еді. Алайда, өлшемі 12,7х9 сантиметр болған бұл шағын туынды өз мекен-жайына жетпеген.

Суретті Мадридтегі Пио XII резиденциясынан өнер туындыларын тасымалдауға маманданған компания жеткізген. Туынды 25 қыркүйекте басқа картиналармен бірге қоймаға орналастырылды, содан кейін Гранадаға жол тартты.

Көрме 2 қазанда ашылды, ал туындылар 3 қазанда сағат 10:00-де мәдениет орталығына жеткізілді. Сол түні картиналар Дейфонте қаласында болды. Тергеушілер Пикассоның туындысы дәл осы аумақта ұрланған болуы мүмкін деп болжайды.

10 қазанда CajaGranada қоры полицияға ресми шағым түсіргеннен кейін Ұлттық полицияның тарихи мұра бригадасы тергеуді бастады.

Әзірге суреттің қайда екені белгісіз және ешкім қолға түскен жоқ. Тергеу жұмыстары жалғасуда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Мәдениет » Пикассоның шығармасы Испанияда жұмбақ түрде жоғалып кетті