Голливуд актрисасы Кристен Белл Диснейдің танымал мультфильмі - "Мұзды жүректің" үшінші бөлімі жасалып жатқанын растады. Оның айтуынша, актерлер ұжымы жақын арада түсірілім процесін бастайды.
Аннаның рөлін сомдайтын Белл сценариймен танысқанын, бірақ әзірге егжей-тегжейін жария етпейтінін айтты.
"Мен бұл туралы әзірге көп айта алмаймын. Барлығы құпия сақталуда," - деді Белл WSJ журналына берген сұхбатында.
Оның айтуынша, жоба қазір шығармашылық даму сатысында:
- "Бұл үдерісте негізінен идеялар талқыланады. Disney-дің артықшылығы - әр кезеңде мінсіздікке ұмтылуы. Әр аспект қайта-қайта қаралады, нәтижесінде фильм мінсіз болады," - деп қосты актриса.
Алдын ала мәлімет бойынша, "Мұз жүрек 3" премьерасы 2027 жылға жоспарланған. Алғашқы визуалды эскиздерде Эльза ақ атпен, ал Анна қоңыр елікпен бейнеленген, бұл кадрлар жанкүйерлердің жаңа шытырман оқиғаларға деген қызығушылығын оятты.
Айта кетейік, "Мұзды жүректің" алғашқы бөлімі 2013 жылы көрсетіліп, Disney-ге "Оскар" сыйлығын әкелді. Одан кейін шыққан екінші бөлім дүниежүзілік прокатта 1 миллиард доллардан астам табыс тауып, Into the Unknown сияқты танымал әндерді көрермендерге ұсынды.
Ақпарат үшін, бұған дейін Disney студиясы "Ақсүйек мысықтар" мультфильмінің ремейк нұсқасын түсірмеу туралы шешім қабылдағаны хабарланған еді.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!