date

Максим Галкин жас әншімен бірге сынға ұшырады

Максим Галкин жас әншімен бірге сыни пікірге ұшырады
Ресейлік юморист Максим Галкин жеке шарада болған оқиғаларға байланысты сынға ұшырады. Бұл туралы Ресейдің бұқаралық ақпарат құралдары хабарлайды.

Мәліметтерге қарағанда, Галкин украиналық әнші Светлана Лобода мен бірге би билеп, онымен әзілдескен. Өнер адамдары Дубайда өткен жабық іс-шараға қатысқан.

Аталған шарада Галкиннің жары Алла Пугачёва болмаған. Шара суреттері жарияланған соң, Пугачёваның жанкүйерлері Галкинді айыптаған.

Әншінің жанкүйерлері жас күйеу Лободаға қырындады деп санап отыр. Галкин тіпті Лободаға украин тілінде ән де орындаған.

Айта кетерлігі, соңғы кездері Галкин отбасы мүшелерінен бөлек уақыт өткізіп жүр – Пугачёва балаларымен Кипрде қалуда, ал юморист әртүрлі мемлекеттерге сапарлауда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Мәдениет » Максим Галкин жас әншімен бірге сынға ұшырады