date

ДНҚ құрылымын ашқан ғалым Джеймс Уотсон 97 жасында қайтыс болды

ДНҚ құрылымын ашқан ғалым Джеймс Уотсон 97 жасында қайтыс болды

Әлемдік ғылыми қауымдастық тағы бір ұлы тұлғаны жоғалтты. ДНҚ құрылымын ашқан, Нобель сыйлығының лауреаты америкалық биолог Джеймс Уотсон 97 жасында қайтыс болды, деп хабарлады "The New York Times."

Ақпаратқа қарағанда, ол Нью-Йорктегі хосписте қайтыс болған. Ғалымның ұлы әкесінің қайтыс болғанын ресми түрде растады.

Джеймс Уотсон британдық биофизик Фрэнсис Крикпен бірге 1953 жылы алғаш рет ДНҚ-ның қос спиральды құрылымын анықтап, адамзат тарихындағы ең маңызды жаңалықтардың бірін жасады. Бұл үшін ол 1962 жылы Нобель сыйлығын алды.

Уотсон 1990 жылы "Адам геномы" жобасын басқарып, ДНҚ картасын жасауда маңызды рөл атқарды. Ғалым биология мен генетика саласында үлкен ғылыми мұра қалдырды.

Алайда 2019 жылы нәсілдік айырмашылықтар туралы даулы сөздері үшін барлық құрметті атақтарынан айырылды.

Джеймс Уотсон заманауи генетиканың негізін қалаушы ретінде ғылым тарихында мәңгі қалады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Мәдениет » ДНҚ құрылымын ашқан ғалым Джеймс Уотсон 97 жасында қайтыс болды