date

Роналду "Форсаж" фильмінде үлкен рөл ойнай алады

Роналду "Форсаж" фильмінде үлкен рөл ойнай алады

Танымал америкалық актер және продюсер Вин Дизель португалдық футбол жұлдызы Криштиану Роналдуға "Форсаж" кинофраншизасында арнайы рөл жазылғанын хабарлады. Бұл хабарды Дизель өзінің Instagram парақшасында жариялады.

Дизель, 2024 жылдың февраль айында франшизаның 2027 жылдың апрелінде премьерасы өтетін 11-сериясы соңғы болатынын айтқан еді. Ол сондай-ақ 12 декабрьде Роналдумен түскен суретін Instagram парақшасында бөлісіп, былай деп жазды: "Барлығы одан "Форсаж" фильмінде ойнауды сұраған еді. Айта кету керек, ол керемет. Біз оған арнайы рөл жазып бердік."

Роналду бес рет "Алтын доп" иегері, бес рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы және Еуропа чемпионы. Сонымен қатар, ол әлем футболының ресми ойындағы ең көп гол соққан футболшысы ретінде де танымал. Қазір ол Сауд Арабиясының "Аль-Наср" клубында ойнайды.

Сондай-ақ, Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду аралас жекпе-жек бойынша WOW FC (The Way of Warriors FC) компаниясының тең құрылтайшысы болып, ММА әлеміне қосылған еді. Енді футбол жұлдызы кино әлемінде де өз рөлін көрсете алады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Мәдениет » Роналду "Форсаж" фильмінде үлкен рөл ойнай алады