date

“Егер Жәуһір қаласа, Ассабаеваны келін қыламыз” — Синдоровтың әжесі пікір білдірді

“Егер Жәуһір қаласа, Ассабаеваны келін қыламыз” — Синдоровтың әжесі пікір білдірді

Кипрде өтіп жатқан Үміткерлер турнирі барысында өзбекстандық Жәуһір Синдоров пен қазақстандық Бибисара Ассабаеваның қарым-қатынасы әлеуметтік желілерде кеңінен талқылануда. Әсіресе Бибисараның әлеуметтік желіге жүктеген суреттері жанкүйерлер арасында “олар тек дос па?” деген сұрақтарды күшейтті.

Синдоровтың әжесі бұл жағдайға пікір білдіріп, егер Жәуһір Бибисарамен отбасы құрғысы келсе, отбасы қарсы емес екенін айтты:

“Оларды бала кезінен білеміз, бірге шахмат ойнап өсті. Оның анасын да танимын. Қазір олар тек дос, бірақ болашақта не болатынын ешкім білмейді. Егер Жәуһір осы қызды жақсы көріп, үйленемін десе, біз келісеміз. Олардың қызығушылықтары мен дүниетанымы ұқсас,” деді спортшының әжесі.

Қазір екі шахматшы да Кипрдегі беделді турнирге қатысуда. Жәуһір Синдоров турнирдің аяқталуына бір тур қалғанда жеңісті іс жүзінде қамтамасыз етіп, әлем чемпионы атағы үшін күресуге жолдама алды. Ал Бибисара Ассабаева 7,5 ұпаймен өз тобында екінші орында тұр және соңғы турда жеңіс үшін таласады.

Шахматшылар әзірге өз қарым-қатынасы туралы ресми пікір білдірген жоқ. Алайда әлеуметтік желілердегі суреттер жас гроссмейстерлердің бір-бірін белсенді қолдайтынын көрсетеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Мәдениет » “Егер Жәуһір қаласа, Ассабаеваны келін қыламыз” — Синдоровтың әжесі пікір білдірді