26 жасқа толған Азода туған күнін қалай атап өтті

Актриса, блогер және әнші Азода 26 жасқа толғанын өзінің Instagram парақшасында жариялады. Ол түрлі бейнежазбалар жариялап, мерекелік көңіл-күйімен оқырмандарымен бөлісті.
Өнер иесі жариялаған жазбаларының біріне: «Қош келдің, 26 жасым», деп жүрекжарды лебізін қалдырған. Туған күн кеші оның жақындары мен құрбыларының ортасында, көңілді ойын-сауықпен атап өтілді.
Мерекеге танымал әншілер де келіп, Азоданы құттықтады және жанды дауыста ән шырқап, кештің сәнін кіргізді. Атап айтқанда, Гайбулла Турсунов пен Ёркинхужа Умаров та қонақтар қатарынан орын алды.
Пікір қалдыру бөлімінде жанкүйерлері өнерпазды туған күнімен құттықтап, оған жылы, шынайы тілектерін білдіруде. Көпшілігі оның шығармашылығы мен сырт келбетіне ерекше тоқталған.
Мәлімет үшін айта кетсек, Азода 2000 жылғы 22 сәуірде дүниеге келген.