Феруза Норматова 200 келілік алып тортпен таңғалдырды

Өзбекстандық актер Феруза Норматова Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай отандастарына ерекше сыйлық дайындады.
Мерекеге орай актриса көлемі 3×2 метр, салмағы 200 келі болатын алып торт дайындатты. Бұл тәтті жүздеген бөлікке бөлініп, мерекелік серуенге шыққан отандастарға таратылды.
Феруза Норматова бұл бастама арқылы қуанышты көпшілікпен бөліскісі келгенін атап өтті.
Актриса барша отандастарын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, Өзбекстанда әрқашан бейбітшілік, береке және тыныштық орнауын тіледі.
«Мерекенің ең әдемі тұсы — қуанышты бірге бөлісу», — делінген құттықтауда.



















Пікірлер 0
…