date

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – өзекті міндет

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу – өзекті міндет

Ағымдағы жылдың 9 қазан күні Узбекистан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Мәжбүрлі орындау бюросының Хорезм облыстық басқармасында жас мамандар, олардың ата-аналары, басқарма құрылымдық бөлімшелері мен аудан (қала) бөлімдерінің басшылары және қызметкерлерінің қатысуымен “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу баршамыздың міндетіміз” тақырыбында жиналыс өткізілді.

Өткен жиналыста Узбекистан Республикасының Бас прокуроры бекіткен прокуратура органдары қызметкерлерінің “Әдеп кодексіндегі” негізгі ұғымдар, яғни қызмет барысында атаққұмарлыққа, даңғазалыққа жол бермеу, өз қызметін асыра пайдаланбау, парақорлық пен жемқорлыққа жол бермеу жөнінде қызметкерлерге түсініктемелер берілді.

Сонымен қатар, қызметкерлерге “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” Заңның мәні мен мазмұны тағы да ескертіліп, алаяқтық, пара алу, пара беру және қатысу бойынша Узбекистан Республикасының Қылмыстық кодексінің тиісті баптары негізінде қандай шаралар қолданылатыны туралы қатысушыларға толық ақпарат берілді.

Бұл бағыттағы іс-шаралар жалғасын табуда.

Акмал Икрамов

МӘК Хорезм облыстық басқармасы

аға инспектор

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Қоғам » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – өзекті міндет