date

Бір айда 100 миллиард сумға жуық газ бен жарық ұрланған

Бір айда 100 миллиард сумға жуық газ бен жарық ұрланған

Өткен қазан айында ел бойынша энергия ресурстарын заңсыз пайдалану жағдайлары күрт өскені белгілі болды. Электр энергиясы, мұнай өнімдері мен газды пайдалануды бақылау инспекциясының мәліметінше, тек бір айдың ішінде жүйеге 100 миллиард сумға жуық залал келтірілген.

Құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізілген ауқымды тексерулер барысында 192 жағдайда тұтынушылар тарапынан энергия көздерін заңсыз пайдаланғаны анықталғаны айтылды.

Тексеру нәтижелері бойынша азаматтар мен кейбір кәсіпорындар 22,3 миллион кВт/сағат электр энергиясын (63,9 миллиард сум) және 11,4 миллион текше метр табиғи газды (35 миллиард сум) есепсіз жұмсаған. Алдын ала есептеулер бойынша, жалпы шығын 99 миллиард 15 миллион сумды құрады.

Сонымен қатар, энергияны пайдалану ережелерін бұзуға байланысты 479 әкімшілік іс рәсімделген. Құқық бұзушыларға қатысты заң аясында шара қолдану үшін тиісті құжаттар құқық қорғау органдарына жіберілді.

Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайлар экономикалық шығындарға ғана емес, жалпы қамтамасыз ету жүйесіндегі тұрақтылыққа да айтарлықтай әсер етуде.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Әндіжан облысындағы бір жауапкершілігі шектеулі қоғам тарапынан 4,6 миллиард сумдық электр энергиясын заңсыз пайдалану дерегі әшкереленген еді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Қоғам » Бір айда 100 миллиард сумға жуық газ бен жарық ұрланған