date

Өзбекстандықтарды Кореяға жұмысқа дайындайтын арнайы оқу шеберханалары ашылады

Өзбекстандықтарды Кореяға жұмысқа дайындайтын арнайы оқу шеберханалары ашылады

Оңтүстік Кореяның "KIA Auto" компаниясының басшылығы Көші-қон агенттігінде болды. Кездесу қорытындысы бойынша, 2026 жылдың басынан бастап Көші-қон агенттігі тарапынан KIA AUTO стандарттарына сәйкес арнайы оқу шеберханалары ашылады. Үш айлық бағдарламада корей тілі мен мәдениеті, техника қауіпсіздігі, Корея әдістемесі негізінде практикалық автомобиль сервисі оқытылады.

Оқуды сәтті аяқтағандар Е-7 визасымен (білікті жұмысшы) Кореяға жұмысқа орналастырылады. E-7 визасының негізгі талабы - корей тілін TOPIK 1 деңгейінде білу.

"Корея Әділет министрлігі 2025 жылдан бастап автомобиль кузовін бояу бағытына шетелдік мамандарды тартуға рұқсат берді. Осы уақытқа дейін тек жергілікті тұрғындар ғана жұмыс істеді. Өзбекстан бұл жобаға бірінші болып тартылуда," - делінген Көші-қон агенттігінің хабарламасында.

KIA Auto - Кореяның жетекші автомобильдерге қызмет көрсету желісі, ел бойынша 600-ге жуық қызмет көрсету орталығы бар. Жылына 1 миллионнан астам көлікке техникалық қызмет көрсетеді және білікті кадрларға сұраныс жоғары.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Қоғам » Өзбекстандықтарды Кореяға жұмысқа дайындайтын арнайы оқу шеберханалары ашылады