date

Мұйнақта БПБ арқылы 100 мың долларға жуық қаржы өндірілді

Мұйнақта БПБ арқылы 100 мың долларға жуық қаржы өндірілді

Мәжбүрлі атқару бюросының Мұйнақ аудандық бөлімінің іс жүргізуіндегі атқару құжатына сәйкес, борышкер кәсіпорыннан өндіріп алушы - "WUDI HUAYI BIOLOGICAL TECHNOLOGI CO" ЖШҚ пайдасына жалпы 92 737 АҚШ доллары өндірілуі белгіленген.

Бұл атқару құжаты Азаматтық істер бойынша Қоңырат ауданаралық сотының 2024 жылғы 21 ноябрьдегі қаулысына негізделген.

Қаулының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік орындаушы тарапынан борышкер кәсіпорынның банк шоттарына инкассо қойылып, оған тиесілі "Lacetti" маркалы автокөлігіне белгіленген тәртіпте тыйым салынып, электронды аукционға шығарылды.

Өткізілген саудада автокөлік 82 083 000 сумға сатылды. Қарыздың қалған бөлігі борышкердің банк шоттарынан мәжбүрлі түрде өндірілді.

Өндірілген ақшалай қаражат үстіміздегі жылдың 30 январында өндіріп алушы тарапқа аударылды. Нәтижесінде кәсіпкердің бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Қоғам » Мұйнақта БПБ арқылы 100 мың долларға жуық қаржы өндірілді