date

«Реалда» наразылық: Вальверде Алонсоға қарсы шықты

«Реалда» наразылық: Вальверде Алонсоға қарсы шықты

Сейсенбі күні Чемпиондар Лигасының 2-турында «Қайрат» пен «Реал» арасындағы кездесу (0:5) өтті. Бұл ойында мадридтік команданың жартылай қорғаушысы Федерико Вальверде алаңға шыққан жоқ.

Marca басылымының журналисі Хави Тинтоның мәліметінше, уругвайлық футболшы оң жақ қорғаушы ретінде ойнаудан бас тартқаны үшін құрамға кірмеген. Трент Александр-Арнольдтың жарақаты мен Дани Карвахальдың дисквалификациясы аясында бас бапкер Хаби Алонсо дәл осы позицияда Вальвердені пайдаланғысы келген, алайда ойыншы матч алдындағы жаттығуларда наразылық білдірген.

Бұған дейін клуб Вальверденің негізгі құрамға кірмегенін басқа факторлармен түсіндірген және шешім алаңдағы позицияға байланысты еместігін атап өткен еді.

«Реалдың» келесі ойыны 4 қазан күні Ла Лига аясында «Вильярреалға» қарсы өтеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » «Реалда» наразылық: Вальверде Алонсоға қарсы шықты