date

«Барселона» Еуропа Суперлигасынан бас тарту алдында

«Барселона» Еуропа Суперлигасынан бас тарту алдында

«Барселона» клубы Еуропа Суперлигасы идеясынан бас тартуы мүмкін. Белгілі болғандай, бұл турнирді ұйымдастыру бастамасы бірнеше жылдан бері талқыланып келеді, бірақ іске асырылған жоқ.

Бұған дейін «Барселона» мен «Реал Мадрид» Еуропа футболындағы реформаларды ең белсенді қолдаған клубтар ретінде танылған еді. Алайда Esports RAC1 жазғандай, қазіргі таңда каталондықтар осы жобадан бас тартуды жоспарлап отыр. Дереккөздің айтуынша, мұндай шешім соңғы уақытта «Барсаның» УЕФА-мен қарым-қатынасының айтарлықтай жақсарғанымен байланысты.

Еске сала кетсек, сәрсенбі күні «көк-анар түстілер» Чемпиондар Лигасы топтық кезеңінің 2-турында «ПСЖ»-ға 1:2 есебімен есе жіберді. Ал жексенбіде Ханс-Дитер Флик шәкірттері Ла Лигада «Севильяға» қарсы алаңға шығады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » «Барселона» Еуропа Суперлигасынан бас тарту алдында