"Барселона" бас бапкері Ханс-Дитер Флик команда вингері Ламин Ямалдың денсаулығы туралы айтты. Бір күн бұрын клуб футболшының беліндегі проблема қайталанғанын хабарлап, оны кем дегенде екі-үш аптаға қатардан шығарған еді.
Флик бұл жай жарақат емес екенін және оның алаңға қайтып оралатын уақыты әлі белгісіз екенін айтты.
- "Қашан толық дайын болатынын нақты білмейміз. Бұл бұлшықет немесе жеңіл жарақат емес. Екі, үш немесе төрт аптада қалпына келе ме, жоқ па - әзірге белгісіз. Тіпті "Эль-Класикоға" дейін жазылып кетеді деп сеніммен айта алмаймын. Қазір ол оңалту мамандарымен жұмыс істеп жатыр, кейін көреміз," - деді жаттықтырушы журналистерге берген сұхбатында.
Айта кетейік, Ламин Ямал "Барселонаның" төрт кездесуін жарақат салдарынан өткізіп алған, ал кейінірек "Реал Сосьедад" пен "ПСЖ" командаларына қарсы матчтарда алаңға шықты.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!