date

ӘЧ-2026 іріктеу. Сауд Арабиясы Индонезияны жеңді

ӘЧ-2026 іріктеу. Сауд Арабиясы Индонезияны жеңді

Әлем чемпионатының 4-кезеңінің іріктеуінен орын алған Индонезия - Сауд Арабиясы құрамалары арасындағы кездесу аяқталды.

Эрве Ренардың басқаруындағы Сауд Арабиясы Индонезиямен күш сынасып, 3:2 есебімен жеңілді.

Кездесудің 11-минутында индонезиялық футболшы Кевин Дикс пенальтиден есеп ашты. Арада 6 минут өткенде Вахаб Салех арадағы айырмашылықты жойды. Одан кейін Фирас әл-Бурайкан 36 және 62-минуттарда гол соғып, дубль жасап, арадағы айырмашылықты 2-ге дейін арттырды. 88-минутта Кевин Дикс тағы да 11 метрлік айып добын тиімді пайдаланып, есепті қысқартты. Ал жалпы есеп 3:2.

Сондай-ақ 90+3-минутта саудиялықтардың жартылай қорғаушысы Мохамед Канно екінші сары қағазын алып, алаңнан кетті.

ӘЧ-2026 іріктеу. 4-кезең, "Б" тобы

Индонезия - Сауд Арабиясы 2:3

Голдар: Дикс (пен. 11, пен, 88) - Аль Шамат (17), Аль Бурайкан (пен. 36, 62).

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » ӘЧ-2026 іріктеу. Сауд Арабиясы Индонезияны жеңді