Гана 2026 жылғы ӘЧ-ге жолдама алды, қатысушылар саны 21-ге жетті

Гана 2026 жылғы ӘЧ-ге жолдама алды, қатысушылар саны 21-ге жетті

Африка құрлығында Әлем чемпионаты-2026 іріктеу кезеңінің "I" тобының 10-тур ойындары аяқталды. Гана құрамасы Чадқа қарсы кездесуде ірі есеппен жеңіске жетті - 5:0.

Бұл нәтижемен "Қара жұлдыздар" 10 ойында 25 ұпай жинап, Чемпионатқа жолдама алды.

Осылайша, 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатын командалардың саны 21-ге жетті. Олар:

  1. 🇺🇸 АҚШ (иесі)
  2. 🇲🇽 Мексика (иесі)
  3. 🇨🇦 Канада (иесі)
  4. 🇯🇵 Жапония
  5. 🇳🇿 Жаңа Зеландия
  6. 🇮🇷 Иран
  7. 🇦🇷 Аргентина
  8. 🇺🇿 Өзбекстан (дебют)
  9. 🇰🇷 Оңтүстік Корея
  10. 🇯🇴 Иордания (дебют)
  11. 🇦🇺 Аустралия
  12. 🇧🇷 Бразилия
  13. 🇪🇨 Эквадор
  14. 🇺🇾 Уругвай
  15. 🇨🇴 Колумбия
  16. 🇵🇾 Парагвай
  17. 🇲🇦 Марокко
  18. 🇹🇳 Тунис
  19. 🇪🇬 Мысыр
  20. 🇩🇿 Алжир
  21. 🇬🇭 Гана

Гана құрамасы соңғы жылдары Африкадағы жетекші футбол елдерінің бірі ретінде өзін тағы бір рет көрсетті. Енді "Қара жұлдыздар" 2026 жылғы тарихи жарыста да өз сөзін айтуға дайындалуда.

Пікірлер 0

Байланысты жаңалықтар