Өзбекстан ұлттық құрамасы Уругваймен өткен жолдастық кездесуде 2:1 есебімен жеңілді. Ойынның 61-минутында жартылай қорғаушы Отабек Шукуров жарақат алып, алаңнан кетуге мәжбүр болды.
Матчтан кейін Шукуров Sports.uz басылымына қысқаша сұхбат беріп, денсаулығы мен командадағы ахуал жайлы пікірін білдірді. Оның айтуынша, жаңа бас бапкер Фабио Каннавароның басшылығымен құрамда жақсы атмосфера қалыптасып келеді.
«Жаңа бапкермен командада рух жоғары. Әр ойыншыда сенім мен мотивация бар. Қазір жарақаттар көп, бірақ бұл табиғи жағдай, себебі команда жаңа жүйеге үйреніп жатыр. Каннаваро мен оның жаттықтырушылар штабының нұсқауларын біртіндеп меңгеріп келеміз. Иншалла, жақында бұл жүйені толық игереміз», — деді Шукуров.
Футболшы өз жарақаты туралы да ашық айтты:
«Жазда аяғыма ота жасатқан едім, ол әлі толық жазылған жоқ. Мұны бұған дейін айтпағам, бірақ кей матчтарда ауырсыну сезіледі. Алла қаласа, жақында сауығып, формама қайта ораламын.»
Ұлттық құраманың жетекші ойыншыларының бірі саналатын Шукуровтың бұл сөздері жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық тудырды. Себебі ол тек алаңдағы ойынымен емес, командаға адалдығымен де ерекшеленеді.
Жергілікті сарапшылардың пікірінше, Каннаваро басшылығымен құраманың толық жаңару кезеңі басталды. Ал тәжірибелі ойыншылар, соның ішінде Отабек Шукуров, жас буынға үлгі болып отыр.
Осылайша, команда жаңа бапкермен жаңа бағыт бастады. Ойыншылар арасындағы сенім мен бірлік арта түсуде. Шукуров болса, жақын арада сауығып, қайтадан ұлттық құраманың негізгі құрамында болатынына сенімді.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!