date

Британия генералы: Украинаның Ресейді жеңуі екіталай

Британия генералы: Украинаның Ресейді жеңуі екіталай

Украина Ресеймен болып жатқан соғыста жеңе алмайды және Киев Мәскеумен келіссөздер жүргізуді бастауы керек. Бұл туралы Британия қарулы күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Дэвид Ричардс "The Independent" басылымына берген сұхбатында айтты.

Басылымның мәліметінше, Ұлыбритания армиясының жоғары лауазымды бұрынғы офицері Украинаның соғыста жеңіске жету ықтималдығы өте төмен екенін айтып, бейбітшілік шарттары бойынша Кремльмен сөйлесу қажеттігін айтқан.

Ричардстың айтуынша, Батыс елдері Киевке НАТО-ның көмегінсіз Ресей әскерін кері қайтара алатыны туралы "негізсіз үміттер" берген.

"Біз Украинаны соғысқа итермеледік, бірақ оған жеңіске жету үшін қажетті құралдарды бермедік. Менің ойымша, олар бұл соғыста жеңе алмайды," - деді британ армиясының бұрынғы бас қолбасшысы.

Оның айтуынша, соғыстың созылуы Украина үшін де, Еуропадағы қауіпсіздік жүйесі үшін де теріс салдарға әкелуі мүмкін. Ричардс бұл жағдайдан шығудың жолы дипломатиялық жолмен ғана табылатынына сенімді екенін айтты.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Британия генералы: Украинаның Ресейді жеңуі екіталай