date

Мбаппе "Реалда" Роналдудан кейін тарих жасады

Мбаппе "Реалда" Роналдудан кейін тарих жасады

Килиан Мбаппенің жалғыз голы "Реал Мадридке" Ла Лиганың кезекті турында "Хетафеге" қарсы қонақтағы матчта маңызды жеңіс (1:0) әкелді.

Кездесуде алаң иелері сапындағы футболшы алаңнан қуылғаннан кейін, 80-минутта француз шабуылшысы командасы үшін шешуші голды соқты. Бұл гол Мбаппенің биылғы маусымдағы оныншы гол соққысы болды.

Opta мәліметінше, Мбаппе Ла Лиганың алғашқы тоғыз ойынынан кейін екі таңбалы гол санына қол жеткізген алғашқы "Реал" ойыншысы болды. Мұндай нәтижеге соңғы рет Криштиану Роналду 2014/15 жылғы маусымда қол жеткізген еді. Сол кезде португалиялық жұлдыз алғашқы тоғыз матчта 17 гол соғып, маусым соңында 48 рет қарсылас қақпасын дәл көздеген.

Қазіргі таңда "қаймақ түстілер" 24 ұпаймен Ла Лигада көш бастап тұр. "Барселона" 22 ұпаймен екінші орында тұр. Келесі турда футбол жанкүйерлерін әлемдегі ең күткен кездесу - "эль-класико" күтеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Мбаппе "Реалда" Роналдудан кейін тарих жасады