date

Мбаппе "Реалда" сентябрь айының үздік ойыншысы атанды

Мбаппе "Реалда" сентябрь айының үздік ойыншысы атанды

Француз жұлдызы Килиан Мбаппе Мадридтің "Реал" командасында сентябрь айының үздік футболшысы деп танылды. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.

"Тағы да айдың футболшысы атану - бұл керемет сезім. Біз көптеген ойындарда жеңіске жеттік, көптеген голдар соқтық. Командамыздың ойыны мен нәтижелеріне көңілім толады. Осы рухта әрекетті жалғастырамыз деп үміттенемін," - деді Мбаппе клуб сайты арқылы.

Айта кетейік, 26 жастағы шабуылшы бұл жүлдені "Реал" сапында екінші ай қатарынан жеңіп алып отыр. Бұған дейін ол Чемпиондар лигасының 2-турында аптаның үздік ойыншысы және Ла Лиганың қыркүйек айының ойыншысы атанды.

Биылғы маусымда Мбаппе барлық турнирлерде 12 ойынға қатысып, 15 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Мбаппе "Реалда" сентябрь айының үздік ойыншысы атанды