date

"Алтын доп-2026" үшін күресіп жатқан Топ-10 футболшы тізімі

"Алтын доп-2026" үшін күресіп жатқан Топ-10 футболшы тізімі

Футбол әлемінде "Алтын доп-2026" үшін күрес қызу жүріп жатыр. Goal басылымы жылдың үздік футболшысы атануға үміткерлер арасындағы алғашқы рейтингті жариялады.

Айта кетейік, рейтингте бірінші орынды "Бавария" шабуылшысы Харри Кейн иеленді. Ағылшын шабуылшысы биылғы маусымдағы жоғары нәтижелі ойынымен жүлденің негізгі үміткері ретінде қарастырылуда.

Төменде "Алтын доп" үшін күресетін Топ-10 футболшының тізімі берілген:

10. Ашраф Хакими ("ПСЖ");

9. Винисиус Жуниор ("Реал");

8. Букайо Сака ("Арсенал");

7. Витинья ("ПСЖ");

6. Педри ("Барселона");

5. Нуну Мендеш ("ПСЖ");

4. Ламин Ямал ("Барселона");

3. Эрлинг Холанд ("Манчестер Сити");

2. Килиан Мбаппе ("Реал");

1. Харри Кейн ("Бавария").

Осылайша, Кейн әзірге "Алтын доп-2026"-ның негізгі үміткері ретінде рейтингтің жоғарғы сатысын ұстап тұр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » "Алтын доп-2026" үшін күресіп жатқан Топ-10 футболшы тізімі