date

Өзбекстан шахматшылары алғаш рет әлем чемпионатында

Өзбекстан шахматшылары алғаш рет әлем чемпионатында
Өзбекстан әйелдер шахмат құрамасы алғаш рет командалық әлем чемпионатына жолдама алды. Бұл жетістікке олар іріктеу кездесуінде Әзербайжаннан жеңіске жету арқылы қол жеткізді.

Аталмыш шешуші кездесу 1-2 қараша күндері Бакуде өтті. Жылдам шахмат форматы бойынша өткен қызу кездесудің нәтижесінде, Өзбекстан құрамында Афрузә Хамдамова, Гүлрухбегім Тохиржонова, Умида Омонова және Гүлдона Каримова өнер көрсетіп, 2,5:1,5 есебімен жеңіске жетті.

Бұл жеңіс командаға тарихи түрде чемпионаттың финалдық кезеңіне жол ашты. Әлем чемпионаты 18-23 қараша күндері Испанияның Линарес қаласында өтеді.

Өзбекстан құрамасымен қатар тағы 11 мықты команда, соның ішінде Испания, Грузия, Франция, Қазақстан, АҚШ, Қытай және Үндістан құрамалары да қатысады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Өзбекстан шахматшылары алғаш рет әлем чемпионатында