
Камерунның Спорт және дене тәрбиесі министрлігінің бас инспекторы Мишель Диссака Мбара Ресей ұлттық құрамасына қарсы ықтимал кездесу туралы пікір білдірді. «Ресеймен ойын өткізуге дайынбыз.
Егер сондай шешім қабылданса, біз ойнаймыз. Неге болмасын?
Камеруынды шақырамыз, бұл ешқандай мәселе емес. Бізде мұндай ойындарға лайықты тамаша инфрақұрылым бар», – деді Мишель «Спорт-Экспресс» басылымына берген сұхбатында.
Еске сала кетсек, 2023 жылдың күзінде Ресей мен Камерун құрамалары Мәскеу қаласында жолдастық кездесу өткізген болатын. Валерий Карпиннің шәкірттері сол ойында 1:0 есебімен минималды жеңіске қол жеткізген.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз