date

Майами кілті Мессиге тапсырылды

Майами кілті Мессиге тапсырылды

Аргентина футболының аңызы Лионель Месси АҚШ-тың Майами қаласында үлкен құрметке ие болды - оған қаланың символикалық кілті тапсырылды. Салтанатты шарада қала мэрі Фрэнсис Суарес бұл кілтті Мессиге жеке тапсырды.

- Сізге бұл кілтті қаламызға қосқан үлесіңіз бен әлемдік футболға жасап жатқан қызметіңіз үшін тапсырамын. Майамиді және бүкіл елді шабыттандырып жатқаныңызға ризамын," - деді мэр Суарес рәсімде.

Ақпарат үшін, Лионель Месси 2023 жылдың жазынан бері "Интер Майами" клубының намысын қорғап келеді. Жақында ол клубпен келісімшартын 2028 жылдың декабріне дейін ұзартты.

Осылайша, қала басшылығы Мессидің спорттағы ғана емес, Майамидің мәдени және қоғамдық өміріндегі ықпалын мойындады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Майами кілті Мессиге тапсырылды